2014 жылғы «Каzakhstan Fashion Week» алғашқы таныстырылымы өтті

Фотография - 2014 жылғы «Каzakhstan Fashion Week»  алғашқы таныстырылымы өтті

Алматыда дәстүрге айналған «Каzakhstan Fashion Week» мәдени-сәнді шарасының алғашқы таныстырылымы өтті

249 0

Алматыда дәстүрге айналған «Каzakhstan Fashion Week» мәдени-сәнді шарасының алғашқы таныстырылымы өтті.

Онда көпшілікке 9 түрлі коллекция паш етіліп, талқыға түсті. Шетелдік және қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан эксклюзивті заттар ұсынылған шараға келушілердің қатары көп болды. Бұл жолы кәсіби мамандар 2014 жылдың көктем-жаз мезгілдерінде қай тренд пен түстің, киім үлгісінің сәнде болатынын барынша жеткізуге тырысты. Айталық, сәнгерлер Саят Досыбаев пен Алексей Чжен алдағы жылы түрлі түсті гүл бейнеленген киімдердің үлкен сұраныста болатынын айтады - деп хабарлады  baq.kz

Олардың әріптесі Айнұр Тұрысбек болса, теріден жасалған киімдері бар адамның көлеңкеде қалмайтынын келтіреді. Қазақстандық сән саласының өкілі Айгүл Қуандықова 2014 жылда ашық түстердің әдеттегідей жоғары бағаланатынын тілге тиек етіп отыр. Өз кезегінде танымал модельер Аида Қауменова жеке коллекциясында ұлттық ою-өрнектерге басымдық беріпті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!