Отандық контентті дамытуға жекеменшік телеарналар тартылады

Фотография - Отандық контентті дамытуға жекеменшік телеарналар тартылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес телеарналарды ынталандыратын болады

242 0

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық контентті дамыту мақсатында мемлекеттік емес телеарналарды ынталандыратын болады.

Бұл туралы бүгін Астанада «Сандық дәуірдегі телевизия: қазақстандық болмыс пен жаһандық үрдіс» атты форум барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Кальянбеков мәлім етті. Оның айтуынша, «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы аясында отандық ақпараттық контентті дамыту қарастырылған. Қазіргі уақытта министрлік сапалы телевизиялық өнімдерді шығару мақсатында мемлекеттік емес телеарналарды ынталандыруды жоспарлауда.

«Алғашқы тәжірибе бар. Биыл министрлік мемлекеттік тапсырысты жекеменшік телеарналарға да үлестіріп берді. Олар: НТК, КТК, СТВ, 31 арна, АСТАНА ТВ. Біз бұл арналарға ток-шоу, деректі фильмдер, жастарға арналған бағдарламалар сияқты нақты жобаларды жасауға тапсырыс береміз. Олардың рейтінгтік көрсеткіштеріне сай төлем жүргізіледі. Биыл бұл ілкі жоба ретінде енді. Келесі жылы осы бағыттағы жұмыстарды күшейтетін боламыз. Отандық контент құруда мемлекеттік емес телеарналарды белсенді қатысуға ынталандыра береміз. Келесі жылдан бастап мемлекеттік емес телеарналарға 15-тен астам жоба жасау жөнінде тапсырыс жасалады», - деп атап өтті ол.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!