«Turkvizyon-2013» ән байқауының финалистері анықталды

Фотография - «Turkvizyon-2013» ән байқауының финалистері анықталды

Осы жылдың басты музыкалық жаңалығы «Turkvizyon-2013» ән байқауының Қазақстандағы іріктеу кезеңінің 2-ші сатысы өтті. Нәтижесінде қазақстандық финалға қатысатын 16 орындаушы анықталды

197 0

Осы жылдың басты музыкалық жаңалығы «Turkvizyon-2013» ән байқауының Қазақстандағы іріктеу кезеңінің 2-ші сатысы өтті. Нәтижесінде қазақстандық финалға қатысатын 16 орындаушы анықталды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін «Turkvizyon-2013» музыкалық байқауына қатысамын деушілер байқаудың ресми сайтында сауалнама толтырып, өзінің жаңа, қазақ тіліндегі әнін ұсынуға мүмкіндік алды. Олардың арасынан 34 ән іріктеп алынған болатын. Келесі іріктеу кезеңінде құрамына Қазақстан мәдениетіне, музыкалық өнеріне еңбектері сіңген әртістер, әншілер, продюссерлер мен композиторлар кірген әділ қазылар осы 34 орындаушы арасынан 16 әншіні таңдады.

Олар:

1. Айқын Төлепберген

2. Әли Оқапов

3. Әнел Аринова

4. "Алашұлы" тобы

5. "Бастау" тобы

6. "Кешью" тобы

7. "Ринго" тобы

8. Луина

9. Нұржан Керменбаев

10. Рүстем Жүгінісов

11. Салтанат Бақаева

12. Серік Ибрагимов

Әу баста финалға 12 орындаушы шығады деп жоспарланған болатын. Алайда ұйымдастырушылар комитеті сайыстың қазақстандық финалына тағы да 4 орындаушыны қосты. Олар:

    Әдемі

    "Меломен" тобы

    Кентал

    Фариз

16 орындаушы өзінің ерекше, жаңа әндерін 24 қараша күні Астана қаласында өтетін қазақстандық финалда орындайтын болды. Нәтиже көрермендердің SMS дауыс беру арқылы анықталып, жеңіске жеткен ән осы жылдың 17-23 желтоқсан аралығында Түркия елінде өтетін «Turkvizyon-2013» сайысында Қазақстанның намысын қорғайды.

«Turkvizyon-2013» байқауына Қазақстанмен қатар, Әзірбайжан, Алтай Республикасы, Башқұртстан, Беларусь, Босния мен Герцеговина, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Македония, Молдова, Қырым Республикасы, Солтүстік Кипр, Татарстан, Түркменстан, Түркия мен Өзбекстан елдері қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!