«Ел арнада» тағы да жаңа жоба - «Сынақ»

Фотография - «Ел арнада» тағы да жаңа жоба - «Сынақ»

8 қараша күні тұсауы кесілетін «Сынақ» бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті. Қанша жерден қайсар болсаңыз да, бұл жобаның талаптарын орындау үшін жүрек жұтқан ерлік пен өмірлік тәжірибеде шыңдалған ерік-жігер қажет

244 0

Еліміздегі ең тартымды телеарналардың бірі «Ел арна» жақын күндері бірнеше жаңа жобаның тұсауын кескелі отыр. Олардың қатарында Ахат Ыбраевтың «Жақсы адам» атты портреттік хабары, «Туған өлке» жобасының үшінші маусымы, бүгінгі әйелдерді мазалайтын сұрақтарға жауап іздеп, әйел жанының иірімдеріне үңілетін «Әйелдің бәрі әдемі» жобасы мен «Сынақ» деп аталатын жаңа бағдарлама бар. 

8 қараша күні тұсауы кесілетін «Сынақ» бағдарламасының алғашқы түсірілімі өтті. Қанша жерден қайсар болсаңыз да, бұл жобаның талаптарын орындау үшін жүрек жұтқан ерлік пен өмірлік тәжірибеде шыңдалған ерік-жігер қажет. Бұл - елімізге белгілі азаматтарды басталмай жатып әбігерге салған тың жоба. Бірер әншілеріміз «Сынақтың» талаптарынан бірден бас тартса, кейбірі алдымен келісіп алып, кейінірек айнып қалып жатты.

Бағдарламаның шақыруына жүрегінің түгі бар шоу-бизнес өкілдері ғана келісті. Олардың қатарында Жеңіс Ысқақова, Ақбота Керімбекова, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова, Нұрлан Еспанов сияқты әншілер, гитарашы, «Бастау» тобының мүшесі Болат Жолдасов, тележүргізушілер Аша Матай және Игорь Сахар, «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Байжанов, «Нысана» театрының актері Дәнекер Оразбай, «КZ» тобының әншісі Бейбіт Құшқалиев, актриса Дариға Бадықова, «Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаев бар. Сахналастарын сынақтан өткізетін бағдарлама жүргізушісі - Дастан Оразбеков. Бас жүлде - екі адамға шетелге саяхат! Бұл туралы «Ел арнадан» хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!