«Қазақстан» арнасындағы шетелдік телехикаялардың уақыты үш есе қысқарады

Фотография - «Қазақстан» арнасындағы шетелдік телехикаялардың уақыты үш есе қысқарады

«Қазақстан» ұлттық арнасындағы телехикаялардың эфирлік уақыты бірте-бірте азаятын болады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Жүнісова мәлім етті

234 0

«Қазақстан» ұлттық арнасындағы телехикаялардың эфирлік уақыты бірте-бірте азаятын болады. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Жүнісова мәлім етті - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Оның хабарлауынша, қазіргі кезде шетелдік хикаялардың эфирлік уақыты 4 сағаттан асады. «Енді біз оны үш есе, яғни 1 сағат 40 минутқа дейін қысқартатын боламыз. Осылайша, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы шетелдік телехикаялардың эфирлік уақыты 1-ден 7 пайызға төмендейді», - дейді Л. Жүнісова.

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары атап көрсеткеніндей, шетелдік телехикаялардың эфирлік уақытын қысқартудың арқасында ағымдағы жылдың соңына дейін 60 млн. теңге, ал келесі жылы 140 млн. теңге үнемдеуге болады. Ол ақшаның барлығы отандық телехикаялар мен бағдарламаларды шығаруға жұмсалады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!