Бүгін Астанада шығармашыл жастардың XVI Халықаралық «Шабыт» фестивалі ашылады

Фотография - Бүгін Астанада шығармашыл жастардың XVI Халықаралық «Шабыт» фестивалі ашылады

"Шабыт" халықаралық фестивалі "Классикалық музыка", "Бейнелеу өнері", "Халық музыкасы", "Эстрадалық вокал", "Үздік әдеби шығарма", "Хореография" аталымдарында өткелі отыр

308 0

Бүгін Астанада шығармашыл жастардың XVI Халықаралық "Шабыт" фестивалі ашылады, деп хабарлады фестивальдің www.shabyt.astana.kz ресми сайты.

"Шабыт" халықаралық фестивалі "Классикалық музыка", "Бейнелеу өнері", "Халық музыкасы", "Эстрадалық вокал", "Үздік әдеби шығарма", "Хореография" аталымдарында өткелі отыр. Оған қазақстандық шығармашыл жастармен қатар Мәскеу, Уфа, Қазан, Ташкент, Бішкек, Самара, Баку және Варна (Болгария) қалаларынан өнерлі жастар бақ сынауға тілек білдірген, өнер мерекесіне барлығы 200-дің үстінде өнерпаздар қатыспақ.

Бүгін кешке сағат 18-де елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді.

Шара барысында конкурстық бағдарламалармен қатар көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылады. Олардың арасында қазылар алқасы мүшелерінің - белгілі өнер шеберлерінің концерттері, музыкалық-ойын сауық шоуы, ұйымдастыру комитетінің штабында шығармашылық проблемаларына арналған дөңгелек үстелдер, әлемдік өнер жұлдыздарының шеберлік сабақтары қарастырылған.

3-8 қараша аралығында өтетін фестивальдің жабылуы салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында гала-концертпен аяқталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!