11 қарашадан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шетелдік сериалдарды көрсетуді қысқартады

Фотография - 11 қарашадан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шетелдік сериалдарды көрсетуді қысқартады

Шетелдік көрсетілімдерді азайту ағымдағы жылы 60 000 000 теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаржы отандық өнім шығаруға жұмсалады

237 0

2013 жылдың 11 қарашасынан «Қазақстан» ұлттық телеарнасының хабар таратуы өзгереді.

Елдің басты ұлттық телеарнасы төл сериалдарын көрсету көлемін ұлғайту мақсатында шетелдік сериалдарды әлдеқайда қысқартады.

Төл бағдарламалар мен сериалдарды көбейту - әлемдік тренд. «Қазақстан» телеарнасының басшылығы отандық телесериалдарды көбейтіп, төл өнімдер контентінің сапасын көтеруді көздеп отыр.

Аталған арнаның тұңғыш төл сериалы 2009 жылы 6 сериядан тұратын «Ағайынды» деген атаумен жарыққа шықты. Одан кейінгі жылдары «Қазақстан» телеарнасы өздері шығарған сериалдар үлесін арттырды. Мәселен, 2010 жылы экранға тағы екі сериал шықты, 2011 жылы - 7 сериал, 2012 жылы телеарна бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтып, қорытындысында олардың санын 14-ке жеткізді. Биылғы жылы «Қазақстан» ҰТА өз көрермендерін «Туған елдің түтіні», «Парыз», «Көк тарландары» және соңғы шыққан жаңа туындылар «Ұлжан» және «Олимп шыңы» сериалдарымен қуантты. Осылайша, «Қазақстан» ҰТА бейнеқорында барлығы 624 сериялы 32 сериал бар.

2013 жылдың қыркүйек айында тұсауы кесілген жаңа сериалдардың көрсетілуі отандық өнімдерге деген сұраныстың өте жоғары екендігін көрсетті. TNS Gallup Media Asia келтірген мәліметтер бойынша, 2013 жылы Қазақстан теленарығындағы телехикая көрсету бойынша тізімдегі 15 туындының ішінде «Қазақстан» ҰТА-ның «Ұлжан» сериалы үшінші орыннан көрінді. Отандық өнімдегі жобалардың рейтингісінің артуын ескере отырып, 2013 жылдың маусымынан Қазақстан телеарнасы шетелдік сериалдарды көрсетуді қысқартты. 2013 жылы шетелдік сериалдардың орташа тәуліктік көлемі тәулігіне «Қазақстан» телеарнасының жалпы тәуліктік хабар таратуының 4 сағатын құрады. 2013 жылдың 11 қарашасынан бастап, шетелдік өнімдегі сериалдар көлемін тәулігіне 1 сағат 40 минутқа дейін, яғни, жалпы хабар таратудан 7 пайызға дейін қысқартытылады. Бұл «Қазақстан» телеарнасында эфирден шетелдік сериалдардың таратылу уақыты үш есеге дейін азаятынын көрсетеді.

Шетелдік көрсетілімдерді азайту ағымдағы жылы 60 000 000 теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаржы отандық өнім шығаруға жұмсалады.

«Қазақстан» телеарнасындағы шетелдік кино көрсетілім тек арнаның телевизиялық аудиториясының қалауына байланысты жүргізілген сараптамадан кейін көрсетіледі.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы эфирге 1958 жылдың 8 наурызынан бастап шықты. Орташа тәуліктік хабар тарату көлемі - 21 сағат. Ең үлкен хабар тарату желісі бар арна Қазақстан Республикасы тұрғындарының 98,73 пайызын қамтиды. Гэллап ТНС зерттеу мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы бойынша 6 жастан жоғары қазақ тілді аудиторияда «Қазақстан» телеарнасы көру көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!