Алматыда ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар аталымдары бойынша Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық байқау басталды

Фотография - Алматыда ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар аталымдары бойынша Ахмет Жұбанов атындағы халықаралық байқау басталды

Бүгін Алматыдағы «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар аталымдары бойынша халықаралық байқау басталды

2413 0

Бүгін Алматыдағы «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінде ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптар аталымдары бойынша халықаралық байқау басталды. Қазақстанның халық әртісі, композитор Ахмет Қуанұлы атындағы бұл шараға республикамыздағы дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің оқушыларымен қатар көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 200-ге жуық оқушы қатысуда. Оның қорытындысы жексенбі күні Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтетін байқаудың жабылу салтанатында белгілі болады.

Байқаудың мақсаты - жас орындаушылардың өнерін жан-жақты дамыта отырып, кәсіби орындаушылық шеберлігін арттыру. Оған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері Қ. Ахметов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры В.Иголинский, Санкт-Петербордағы Маринский атындағы театрдың симфониялық оркестрінің солисі Н.Мохов, Ташкент қаласындағы В.Успенский атындағы РСССМШИ ұстазы И.Т.Ганиев, Бішкек қаласындағы М.Абдраев атындағы РОМММИ ұстазы Ч.Шалтақбаев құрметті қонақ ретінде қатысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!