«Жігіттердің» мерейтойы тосын сыйға толы болды

Фотография - «Жігіттердің» мерейтойы тосын сыйға толы болды

2-3 қараша күндері «Жігіттер» квартетінің онжылдық мерейтойы Алматыдағы Республика сарайында үлкен аншалгпен өтті. «Қазақтың «Битлзы» аталып жүрген топтың халыққа ұсынған тосын сыйлары аз болмады

162 0

2-3 қараша күндері «Жігіттер» квартетінің онжылдық мерейтойы Алматыдағы Республика сарайында үлкен аншалгпен өтті. «Қазақтың «Битлзы» аталып жүрген топтың халыққа ұсынған тосын сыйлары аз болмады.

Екі күн қатар өткен ән кешіне халық көп жиналды. Топ мүшелері онжылдық мерейтойдың жоғары деңгейде өтуіне көп күш жұмсаған. Арнайы Украинадан видеоинженер шақырылса, сахна төріне Мәскеуден Сергей есімді гимнаст өнер көрсетті. Кешке жиналған жұртшылық сүйікті әншілерінің орындауындағы хит әндермен қатар сиясы кеппеген туындыларды да тыңдады. Концертте Еркін Нұржановтың топ мүшелерімен «Бақытты бол» әні орындалғанға халық қошетін аямады. Жігіттердің өзара достығына сүйісініп, шығармашылық бірлестіктеріне де ризашықтарын білдіріп, қол сақты.

Сондай-ақ, концертте «Жігіттер» квартетінің өнердегі әріптестері әрі тілеулестері «Асыл» тобы өнер көрсетті.

"Жігіттер" тобының елордасы Астанадағы концерті қараша айының тоғызыншы жұлдызында "Қазақстан" концерт залында өтеді деп жоспарлануда.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!