Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы жарық көрді

Фотография - Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы жарық көрді

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында мектеп бағдарламасына енген қазақ әдебиеті мен қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеті классиктеріне арналған аудиохрестоматиясының тұсаукесері өтті.

162 0

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында мектеп бағдарламасына енген қазақ әдебиеті мен қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеті классиктеріне арналған аудиохрестоматиясының тұсаукесері өтті.

Бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жоба болып табылады. Оқырманның тіл мәдениетін жетілдіру мен қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беруді көздеген жобаның ашылуына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар, жобаны жүзеге асыруға жауапты дикторлар мен әріптестер қатысты.

Мақсат Сқақов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы:

Жобаның негізгі мақсаты - ақпараттық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастарды әсіресе мектеп оқушыларын интернет көздері арқылы қазақ және әлем әдебиеті өкілдері шығармаларының аудионұсқасын өз бетінше іздеп, қызыға оқуға дағдаландыру болып табылады. Аудиохрестоматия мектеп жасындағы балаларға, ата-аналарға сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне, жалпы көпшілік қауымға арналған. Жоба Тіл комитетінің til.gov.kz сайтында орналастырылатын болады.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!