«Бiржан-Сара» операсын Ресейдің еңбек сіңірген әртісі қоймақ

Фотография - «Бiржан-Сара» операсын Ресейдің еңбек сіңірген әртісі қоймақ

Қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына байланысты 2013 жылдың 8 қарашасында «Астана Опера» театрында композитордың үздік шығармаларының бірі «Бiржан-Сара» операсы Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Юрий Александровтың қойылымында ұсынылады

229 0

Қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына байланысты 2013 жылдың 8 қарашасында «Астана Опера» театрында композитордың үздік шығармаларының бірі «Бiржан-Сара» операсы Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Юрий Александровтың қойылымында ұсынылады.

Операға жаңа музыкалық редакцияны Абзал Мұхитдинов жүргізді. Басты партияларды орындайтындар – опера сахнасының жұлдыздары Қазақстан және Татарстан Республикаларының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Ахмет Ағади. Алтынайдың рөлінде белгілі опера әншісі Дина Хамзина көрінбек, ал Естайдың партиясын Бейімбет Таңарықов ойнайды.

Опера көрермендердің алдына жаңа кейіпте шығады. Фольклорлық сарын екінші орынға түсіп, басты мәселе адам баласын билейтін сезімдер болады деп күтілуде.

Билеттер «Астана Опера» театрының кассасында сатылады. Бағасы: 500 теңгеден бастап, 9000 теңгеге дейін. Басталуы – 19:00.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!