Қазақтың Мейрамбегі мүшел жаста

Фотография - Қазақтың Мейрамбегі мүшел жаста

 Бүгін иісі қазақтың сүйікті әншісі, термеші "МузАрт" вокалды-аспапты ансамблінің мүшесі Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаевтың туылған күні. Өнериесі бүгін 37 жасқа толып отыр

272 0

 Бүгін иісі қазақтың сүйікті әншісі, термеші "МузАрт" вокалды-аспапты ансамблінің мүшесі Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаевтың туылған күні. Өнериесі бүгін 37 жасқа толып отыр.

Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданында өмірге келген. Ол Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады. 1994-98 жж. Т .Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолы «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастаған. 1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген.

Мейрамбекті халыққа кеңінен танымал еткен өнердегі ұстазы Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әні болса, Қаныбек Қасымовтың «Қоштасқым келмейді» фильмі өнер иесінің актерлық қырын аша білді.


Ал 2001 жылы Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаевтардың шығармашылық бірлестігі негізінде «Музарт» тобы құрылып, қазақ эстрадасына үлкен сілкініс әкелді. Бүгінде «Музарттың» мұзбалақтары Қазақ елінің атын алыс жақын шетелдерде паш етіп жүр. Мейрамбек Бесбаевтың туған халықын жеке шығармашлылығымен де ұдайы қуантып келеді. 2009 жылы әншінің «Аяулым» атты әнжинағына енген эстрадалық әндері мен термелері қазақ өнеріне қосылған сүбелі үлес болды. Сондай-ақ, кино саласында бағын сынап жүрген өнер иесі 2010-2011 жылдары Баян Есентаеваның «Ғашық жүрек-1» және «Ғашық жүрек-2 атты фильмдерінде басты рөлдердің бірін сомдады.

Ендеше, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мейрамбек Бесбаевті туылған күнімен құттықтап, мүшел жастан мұқалмай өтуне тілектестік білдіреміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!