«Фобияның» орнын «Сынақ» басады

Фотография - «Фобияның» орнын «Сынақ» басады

Жуырда «Ел арна» телеарнасы көрермендер назарына «Сынақ» бағдарламасын ұсынады. Бұл жоба елді елең еткізген «Фобия» бағдарламасының жалғасы десе де болады

325 0

Жуырда «Ел арна» телеарнасы көрермендер назарына «Сынақ» бағдарламасын ұсынады. Бұл жоба елді елең еткізген «Фобия» бағдарламасының жалғасы десе де болады. Өйткені, «Сынақта» бақ таластырып жатқан өнер жұлдыздарын талай сын күтіп тұр.

Бағдарламада қатысуға жүрегінің түгі бар шоу-бизнес өкілдері ғана келіскен. Олардың қатарында Жеңіс Ысқақова, Ақбота Керімбекова, Әли Оқапов, Мақпал Исабекова, Нұрлан Еспанов сияқты әншілер, гитарашы, «Бастау» тобының мүшесі Болат Жолдасов, тележүргізушілер Аша Матай және Игорь Сахар, «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Байжанов, «Нысана» тетрының актері Дәнекер Оразбай, «КZ» тобының әншісі Бейбіт Құшқалиев, актриса Дариға Бадықова, «Mysterions» тобының әншісі Арман Қоңырбаев бар.

Сахналастарын сынақтан өткізетін бағдарлама жүргізушісі – Дастан Оразбеков.

«Сынақ» бағдарламасын 9 қараша күні сағат 20:50-де "Ел Арна» телеарнасынан тамашалай аласыздар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!