«Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Фотография - «Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Бірнеше күн бойы Астана аспанын дүрілдеткен «Шабыт» фестивалі өз мәресіне жетті. 1997 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль талай таланттың бағын ашты, есімдерін елге танытты

281 0

Бірнеше күн бойы Астана аспанын дүрілдеткен «Шабыт» фестивалі өз мәресіне жетті. 1997 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль талай таланттың бағын ашты, есімдерін елге танытты, деп жазды aynaline.kz сайты.

Ал биылғы байқаудың бір ерекшелігі – еліміздің әр өңірінен келген үміткерлермен қатар, Мәскеу, Уфа, Қазан, Ташкент, Самара қалаларынан келген жастар да бақ сынасты, өнерлерін талғампаз қазылар алқасына ұялмай ұсынды. Екі жүзден астам өнерпаз «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Үздік әдеби шығарма», «Хореография» аталымдары бойынша өнерлерін ортаға салды.

Проза – өте қиын жанр. Жазушы болуға талпынған жастардың тырнақалды шығармаларын сарапқа салған елімізге белгілі қаламгерлерге де «мықтыны» таңдау оңайға соқпағанға ұқсайды.

– Қырықтан астам әңгіме байқау талаптарына сай таңдап алынды, – дейді қазылар алқасының мүшесі, белгілі жазушы Асқар Алтай, – әрине, олардың бәрін «классиканың» қатарына қалай қосарсың. Қолдарына жаңадан қалам алғандардың да осал тұстары байқалып қалды. Бізді қуантқаны, жастардың жазуға деген құлшынысы, сөздің мәйегін түсінуге талпынысы. Саралаудан өткен он алты шығарма жүлдегер атанды. Болашақта осылардың арасынан үш-төрт жазушы шықса да қазақ әдебиетінің тақиясына тар келмес еді…

«Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша Қиықбай Қуат «Жынды» әңгімесі үшін байқаудың бас жүлдесіне ие болды. Бірінші орын Жанболат Баймұрыновқа, екінші орын Құмар Нұрланға, үшінші орын Сиродкина Анастасияға бұйырды. Және Т.Ахтанов атындағы арнаулы диплом Әсем Кенжеғұлованың, Астана қаласы мәдениет басқармасының сыйлығы Әйгерім Сарсанованың қанжығасына байланды.

Ең басты олжа – жастардың осынау аламан бәйгеге қатысуы еді. Бірнеше жылдан бері дарынды жастардың бағын ашып, үлкен өнерге жолдама берген дүбірлі дода – «Шабыттан» келесі жолы да үміт күтеміз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!