«Шал» фильмі Таллин кинофестиваліне жолдама алды

Фотография - «Шал» фильмі Таллин кинофестиваліне жолдама алды

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» туындысы Таллиннің «Қара түндер» кинофестивалінің «EurAsia» халықаралық конкурстық бағдарламасына өтті.

149 0

Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шал» туындысы Таллиннің «Қара түндер» кинофестивалінің «EurAsia» халықаралық конкурстық бағдарламасына өтті.

Кинофестиваль Эстонияда 15 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтеді. «EurAsia» конкурстық бағдарламасына Еуропа мен Азия тақырыбына арналған 22 фильм қатысады.Олардың ішінде әлемдік және халықаралық жүлделерді иеленген фильмдер де бар.

Фестивальдің директоры Тийна Локктың айтуынша биылғы жылы «EurAsia» бағдарламасына қатысушы фильмдердің ішінде «Оскардың» шет тіліндегі ең үздік фильм жүлдесіне ұсынылып отырған 5 фильм бар.

Конкурстық бағдарламаны келесі құрамдағы халықаралық әділ-қазылар алқасы бағалайтын болады: Кристиан Бергер, Матиас Эше, Харутан Хачатрян, Франциска Петри және Тамбет Туйск.

Бұған дейін аталмыш фестивальден Гран-приді қазақстандық фильмдерден тек Гука Омарованың «Шиzа» туындысы жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, «Шал» фильмі прокатқа 2012 жылдың 11 қазанында шыққан. Ермек Тұрсыновтың туындысы сол жылдың қараша айында «Жыл таңдауы» байқауында «Жыл фильмі» атанса, Ерболат Тогызақов «Алтын адам» байқауының «Жыл киноактері» атағын жеңіп алған. Сонымен қатар картина осы жылдың қыркүйегінде “КиноШок-2013” ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ашық фестивалінің Гран-приін жеңіп алып, бас кейіпкерді сомдаған Ерболат Тоғызақов “Ең үздік ер адам рөлі” үшін марапатталды.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!