Алматыда жас көрермен театрының негізін қалаушы Н.Сацтың 110 жылдығы атап өтілді

Фотография - Алматыда жас көрермен театрының негізін қалаушы Н.Сацтың 110 жылдығы атап өтілді

Алматыда балалар мен жасөспірмдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының негізін қалаушы Наталья Сацтың 110 жылдығы атап өтілді. Оның ұжымын Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев құттықтады

284 0

Алматыда балалар мен жасөспірмдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының негізін қалаушы Наталья Сацтың 110 жылдығы атап өтілді. Оның ұжымын Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев құттықтады.

Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 1944 жылы қазан айында құрылған. Ал 1945 жылдың 7 қарашасында кішкентай алматылықтар алғаш рет Наталья Сац қойған Е.Шварцтың пьесасы бойынша «Қызыл телпек» спектаклін тамашалады.

Кейін аудан әкімі «Күн әлемі» байқауының жеңімпаздарын марапаттады және театрдың балаларға мейірімділік, Отанға деген сүйіспеншілікті үйретудегі орнын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!