Джастин Бибер MTV нұсқасы бойынша жыл әншісі атанды

Фотография - Джастин Бибер MTV нұсқасы бойынша жыл әншісі атанды

 Канаданың танымал әншісі мен жастардың сүйіктісіне айналған Джастин Бибер Europe Music Awards (EMA) Еуропа сыйақысының «Үздік орындаушысы» аталымында жеңімпаз атанды

300 0

 Канаданың танымал әншісі мен жастардың сүйіктісіне айналған Джастин Бибер Europe Music Awards (EMA) Еуропа сыйақысының «Үздік орындаушысы» аталымында жеңімпаз атанды.

Салтанатты шара жексенбі Амстердамда өтті. Сыйақыны табыстау шарасының тікелей трансляциясы интернет-сайт арқылы жүргізілді.

Сыйақының 16 аталымы бар. Оларды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады. Өткен жылы Бибер үш аталымда жеңімпаз атанған  еді. Биыл ол 2013 жылдың «үздік орындаушысы» мәртебесін ғана сақтап қалды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ал «Үздік орындаушы әйел» ретінде көрермендер американдық әнші Кети Пэрриді атады. Бруно Марстың "Locked Out of Heaven" шығармасы «Үздік ән» болып танылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!