Жын жайлы алғашқы фильм түсірілді

Фотография - Жын жайлы алғашқы фильм түсірілді

Біріккен Араб Әмірліктерінде түсірілген «Жын» деп аталатын фильм осы кезге дейінгі кассалық рекордтарды жолда қалдырып, алғашқы аптаның өзінде миллиондаған дирхам табыс әкелді. Қазан айының соңында Әбу-Дабиде өткен Кинофестивалдегі тұсаукесерінен бері фильмге деген көрермендердің ықыласы еш суыр емес.

259 0

Біріккен Араб Әмірліктерінде түсірілген «Жын» деп аталатын фильм осы кезге дейінгі кассалық рекордтарды жолда қалдырып, алғашқы аптаның өзінде миллиондаған дирхам табыс әкелді. Қазан айының соңында Әбу-Дабиде өткен Кинофестивалдегі тұсаукесерінен бері фильмге деген көрермендердің ықыласы еш суыр емес.

Бұл фильмнің оқиға желісі қарапайым. Осындай тақырыптардағы Голливуд фильмдерінен бір айырмашылығы  жергілікті халықтың таным-түсінігінде ғана жатыр. Оқиғаның желісі  ежелгі әл-Жазира әл-Хамра қаласында өрбиді. Жергілікті арабтардың айтуынша, бұл жерді жындар үйірсектейді екен. Ол ол ма, «елестер қаласы» деген атаққа ие болған. Жергілікті тұрғындардың көбісі үй-жайларын тастап, тыныш жерлерге көшіп кеткендіктен, қаланың едәуір бөлігі қаңырап қалған.Фильм кейіпкерлері – қарапайым араб отбасы. АҚШ-тан оралған олар қаңырап тұрған зәулім үйге жайғасады. Алайда, олар бұл пәтердің жынға толы екенін еш ойламайды.

Үрейге толы аталмыш фильмді көрермендерге кеңінен танымал «Полтергейст», «Техастағы қанды қырғын» деп аталатын фильмдердің режиссері Тоб Хупер түсіргенін айта кету керек. Дегенмен, «Жынның» жалпақ жұрттың ыстық ықыласына бөленуінің басты себебі бұл емес дейді.

«Фильмның атауы мен тақырыбы өте сәтті шықты»,- деді Empire International компаниясы триллерінің прокатымен айналысқан атқарушы директор Марио Хаддад бұл жайында. «Жергілікті кинематографтар мұндай тақырыпты бірінші рет қозғап отыр»,- деді  ол дубайлық Ahlan Live-ге берген сұхбатында.

Десе де, бұл елде осынау отандық киноөнімді сынағандар да баршылық. Көңілі толмаған көрермендер фильмді түсіргендерді «араб мәдениетінен хабары жоқ», «ислам дәстүрінен ауытқыды», «саяси көрсоқырлыққа барды», «билік басындағы әулетті сыйламады» деген сыңайдағы сын айтып, мін тақты.

Бұл фильмді түсіруге ұзын-ырғасы үш жылдай уақыт кеткен. Жергілікті тұрғындардың ар-намысына тимес үшін актерлер мен режиссердің «жын» сөзін қолданудан қашқаны айтылады.

Жалпы алғанда, бұл фильм араб аудиториясына ұнағаны анық.

«Біз жын туралы бала кезімізден әке-шешемізден естіп өстік. Бала кезімізде бізді Умма  аль-Дубайс деген жын барын айтып қорқатын еді. Содан болар, фильмнің атын естісімен, жынның қандай болатынын қатты көргім келді»,- дейді өз әсерін бөліскен 27 жастағы Мира әл-Румайти.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!