Халықаралық сән үлгілері байқауына Қазақстанның жас таланттары қатысады

Фотография - Халықаралық сән үлгілері байқауына Қазақстанның жас таланттары қатысады

Румынияның Тимишоара қаласында 2014 жылы 6-10 ақпан аралығында өтетін Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлердің «DRESS OF THE WORLD» байқауына Қазақстан қатысады, деп хабарлайды байқаудың Қазақстандағы өкілдігі.

6184 0

Румынияның Тимишоара қаласында 2014 жылы 6-10 ақпан аралығында өтетін Халықаралық жас дизайнерлер мен модельерлердің «DRESS OF THE WORLD» байқауына Қазақстан қатысады, деп хабарлайды байқаудың Қазақстандағы өкілдігі.

Оның айтуына қарағанда Дүниежүзілік сән конгресіне (World Beauty Congress) 20-дан 40-қа дейін мемлекет қатысуы мүмкін.

«Байқаудың жаһандық форматы оған қатысатын мемлекеттер арасында мәдени байланыс және таланттарды іздеуге, жаңа мықтыларды анықтауға, творчестволық бастаманы ұсынуға болатын еркін әрі тиімді алаңға айналдырады», - дейді World Beauty Congress-тің Қазақстандағы ресми өкілі Эльмира Сейдазимова.

Ол айтуына қарағанда бұл байқауда киім үлгілерінің топтамасы емес, бұл жерде бір көйлектің үлгісі жеңімпаз атанатын байқау екен. Бұл үміткерлерге таланты мен қаржысын бір көйлекке арнап үздік туындыға айналдыруға мүмкіншілік береді. Яғни, көп үлгілер топтамасын жасауға мүмкіндігі жоқ болса да бірнеше үлгі арқылы өз қарым-қабілетін әйгілей алатын талантты модельердің жолын ашады. Әр елден байқауға 5 үміткер ғана қатыса алады.Олардың әрқайсысы 3 әйелдің көйлегін ұсына алады.

«Таяуда «DRESS OF THE WORLD» байқауына еліміздің атынан қатысатын үміткерді анықтайтын өңірлік модельерді іріктеу сайысы өтеді. Елімізде жаңадан танылып келе жатқан немесе танымал сондай-ақ талантты әрі шебер дизайнерлер көп. Сондықтан халықаралық сайыста ұлттық модельерлер командамыз Қазақстанды әлемге танытанына сеніміз мол», - дейді Э.Сейдазимова.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

мода

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!