Астанаға Алмас Кішкенбаев келе жатыр

Фотография - Астанаға Алмас Кішкенбаев келе жатыр

21 қарашада Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі әнші, көптеген халықаралық ән байқауларының лауреаты Алмас Кішкенбаевтың авторлық кеші өтеді

278 0

21 қарашада Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында белгілі әнші, көптеген халықаралық ән байқауларының лауреаты Алмас Кішкенбаевтың авторлық кеші өтеді. Бұл туралы оның концерт бойынша директоры Мәди Молдашев мәлімдеді.

  «Биыл Алмас Кішкенбаевтың киелі сахнада жүргеніне – 10 жыл. Концерттің басты ерекшелігі – жанды дауыста өтеді. Кеште Алмас ел арасына кеңінен таралған әндерімен қатар, жаңа туындыларды да орындайды. Мәселен, «Мама», «Сен» атты сиясы кеппеген әндер шырқалмақ. Көрерменге тартар тосын сыйларымыз көп»,-деді Мәди Молдашев.

Кеш барысында Алмас Кішкенбаев «Классик», «V-ALEM» топтарымен дуэт орындайды деп күтілуде - деп хабарлады  baq.kz

Естеріңізге сала кетейік, 27 қыркүйекте Алмас Кішкенбаевтың мерейтойлық концерті Алматыдағы республика сарайында өткен болатын. Әнші алдағы уақытта республикамыздың барлық қалаларын жеке шығармашылық концертімен аралауды жоспарлап отыр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!