Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 20 жылдығы аталып өтті

Фотография - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 20 жылдығы аталып өтті

Кеше Оралда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 20 жылдығы аталып өтті

288 0

Кеше Оралда Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының 20 жылдығы аталып өтті.

Аталмыш мерекемен театр ұжымын Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов құттықтап, бір топ адамға құрмет грамоталарын табыс етті.

Сондай-ақ белгілі ақындар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев), Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстанның батыс өңіріндегі театрлар өкілдері, А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тимур Саламатов және басқалар жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын тапсырды.

Театрдың әртістері Мұсағали Бектенов, Ербол Есендосов мәдениет саласының үздігі атанды. Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарлығаш Асқарова, Ербол Есендосов, Қуаныш Амандықов, Нұргүл Жұбатова облыс әкімінің стипендиясына ие болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!