«Қазақстан дауысы» қызайын деп тұр

Фотография - «Қазақстан дауысы» қызайын деп тұр

Ұлттық арнада «Қазақстан да­уысы» жобасының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетт

155 0


«Ұлттық арнада «Қазақстан да­уысы» жобасының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті».

Бірнеше апта бойы шыркөбелек айналған айналмалы орындық иелері ақыры бір тоқтамға келіп, өздеріне тиесі­лі 16 үміткерді таңдап алды. Дарын­ды үміткерлердің дауысына тәлімгерлер­дің өзі талас­ты. Кейбір үміткердің бабы келіссе де, бағы жанбады. Сахна төрінде болып жатқан көңіл тебірентер та­лай жайтқа қалың көрермен куә болды. Ән­нің алғашқы ноталары­мен-ақ тәлімгерлер­дің бетін бері қаратқан таланттардың өнері ерек­ше болды. Жоба барысында 4 тә­лімгер үміт­керлермен бірге жылап, бірге қуанды. Олардың да саф дауысты дөп басып таба алмай, өкініп қалған тұстары да жиі кездесті. Қалай десек те, «Қа­зақстан» те­леарнасындағы «Көрмей тыңдау» кезеңінің әсерлі сәттері артта қалды.

Алда «Қазақстан дауысына» лайық үміткерлерді үлкен «шайқас» күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өт­кен, тәлімгерлер таңдап алған 16 үміт­кер өнерпаз енді өзара бәсекеге түседі. Шартқа сәйкес, 2 үміткерге бір ән беріледі. Әнді нақышы­на келтіре шырқап, бабы мен бағы басым түскен жүйрік қана келесі кезеңге өтеді. Ал қарсыласына төтеп бере алмаған өнерпаз жобадан шығып қалады - деп хабарлады  baq.kz

Міне, осы аптада жобаның на­ғыз ша­рықтау шегі «шайқас» кезеңі бастала­йын деп тұр. Үміткерлердің шабытын шың­дап, талантына қамшы басар тұсы енді келген се­кілді. Бұл жолы да тәлімгерлерге де, талапкерлерге де оңай соқпасы анық. Өйткені олар көптің ішінен таңдап ал­ған өз үміткерлерін шешім қабылдап, «көрмей тыңдау» арқылы жобадан шығарып жібереді. Демек, өнерпаздардың осы жобадағы тағ­дыры тәлімгерлердің қолында тұр. Кім «Қазақстан дауысынан» шығып қалады, кім бәсекені ары қарай жалғастырады? Нағыз «шайқас» – алда! «Қазақстан дауысы» енді қызайын деп тұр


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!