Әли Оқапов «Жыл студенті» атанды

Фотография - Әли Оқапов «Жыл студенті» атанды

Бүгiн Астанада Қазақстанның "Жыл студентi - 2013" республикалық байқауында танымал әншi, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентi Әли Оқапов гран-при жүлдесiне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

242 0

Бүгiн Астанада Қазақстанның "Жыл студентi - 2013" республикалық байқауында танымал әншi, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентi Әли Оқапов гран-при жүлдесiне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Жалпы байқауға ЖОО студенттерi мен магистранттарынан 154 өтiнiш келiп түскен. Шарада "Жыл студентi" атағынан бөлек, "Белсендi студент" аталымында М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң студентi Мұса Танақұлов бас жүлдегер болды. "Жас ғалым" аталымында елордадағы Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студентi Талғат Ұртамбаев, "Үздiк спортшы" байқауында М. Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студентi Темiрлан Қолбай, "Үздiк мәдени қайраткер" атағында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентi, "Жаужүрек мың бала" отандық фильмiнде бас рөлдi сомдаған актер Асылхан Төлепов жеңiмпаз атанды. Сонымен қатар "Үздiк студенттiк әлеуметтiк жоба" аталымында Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетiнiң студентi Айгерiм Көкееваның "Әлеуметтiк қорғалған студент" жобасы бiрiншi орынға ие болды. "Үздiк студенттiк бизнес жоба" аталымы бойынша Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технология және инжиниринг университетiнiң студентi Азамат Шадиров мықтылар санатынан табылды. "Үздiк тiлшi" атты тағы бiр аталымда Тараз мемлекеттiк педагогикалық институтының оқушысы Ерғали Қапалов, "Үздiк ерiктi" номинациясында Ш.У әлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi Әсемгүл Қазезқызы, "Үлгерiмi үздiк студент" аталымында М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң студентi Гүлнәр Оразалина жеңiмпаз атағына лайықты деп танылды.

"Жыл студентi-2013" республикалық байқауы "Қазақстан студенттер альянсы" қозғалысының ұйымдастыруымен өттi.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!