Анджелина Джоли «Оскар» сыйлығына ие болды

Фотография - Анджелина Джоли «Оскар» сыйлығына ие болды

«Оскарлық» кезең ресми түрде ашылды. Биылғы жылғы алғашқы сыйлықтар табысталды

218 0

«Оскарлық» кезең ресми түрде ашылды. Биылғы жылғы алғашқы сыйлықтар табысталды. Алайда, алғашқы «Оскар» кино әлеміндегі табысы үшін емес, өнер саласындағы еңбегі мен қайырымдылық көрсеткені үшін берілді. Джин Хершол атындағы сыйлыққа гуманизм ісіне қосқан үлесі үшін әйгілі америкалық актриса Анджелина Джоли ие болды, деп хабарлайды utro.ru.

Сондай-ақ сыйлықпен 88 жастағы актриса Анджела Лэнсбери мен 68 жастағы Стив Мартин марапатталды. Стив Мартин бұл сыйлыққа осымен үшінші мәрте қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, Анджелина Джоли ұзақ жылдар бойы белсенді түрде қайырымдылық жұмыстармен айналысып жүр. Ол БҰҰ-ның ерікті ізгі ниет елшісі және бірнеше қайырымдылық қорлардың құрылтайшысы болып табылады.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!