Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңіне бейнебаян түсірілді

Фотография - Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңіне бейнебаян түсірілді

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңіне бейнебаян түсірілді

679 0

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» атты өлеңіне бейнебаян түсірілді.

«Фариза! Фаризажан, Фариза қыз! Өмірде ақындардың бәрі жалғыз . . .» деп басталатын жыр жолдарының енді бейнебаяны көрерменге жол тартты. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бұл өлеңді жазғанына 40 жылға жуық уақыт өтіпті. Өзара рухани сыйластықты, махаббатты, тілеулестікті арқау өткен өлеңнің ғұмыры иісі қазақ бейнебаян болып жалғасын тапқаны оқырман қауым үшін қуанышты жаңалық болып отыр.

Өлең жолдарының кейіпкері, ақын Фариза Оңғарсынова журналистерге берген сұхбатында: «Мұқағали секілді үлкен ақынның шығармалары оның замандасы маған ғана емес, поэзияны түсінетін әр оқырманға ерекше жақын деп ойлаймын. Мұқаң екеуміз рухани өте жақын, туыс адамдармыз. Ол өзінің соңында келе жатқан маған, менің шығармашылығыма өз жүрегінің сәулесін түсірді. Өмірде қараңғыда жарқ етіп бір нүктеге түскен электр жарығындай құбылыс болады. Осылай Мұқағали біреу түсініп, біреу түсіне алмай жүрген менің жырларыма деген жалпы халықтың ықыласын оятты», - деп ерекше атап өткен болатын.

Бейнебаянды отандық «Жас Медиа» шығармашылық тобы түсірген. Мұқағалидің бейнесін сомдаған, «31 арна» журналисі Мақсат Мәліковтің шеберлігін әлеуметтік желілердегі оқырмандар ерекше бағалап, сәтті шыққан образ екендіктерін жазуда. Әнін жазған Әбиірбек Тінәлиев осы уақытқа дейін қазақ ән өнеріне барынша үлесін қосқан композитор. Оның «Желтоқсан желі» атты әнімен ел арасында кеңінен танымал. Ал, әннің орындаушысы кәсіби әнші Бағдат Айсәулеттің осыған дейін бірнеше бейнебаяндары көрермен көңілінен шыққан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!