«Алматы ақшамы» газетіне 25 жыл

Фотография - «Алматы ақшамы» газетіне 25 жыл

Кеше Алматыда «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің 25 жылдығына орай мерекелік шара болып өтті. Газет редакциясын қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады

388 0

Кеше Алматыда «Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің 25 жылдығына орай мерекелік шара болып өтті. Газет редакциясын қала әкімі Ахметжан Есімов құттықтады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы атап өткендей, Алматы Қазақстан мен Орта Азияның ірі медиа орталығы болып табылады.

«Көптеген республикалық басылымдар Алматыда шоғырланған. Қазіргі кезде қалада 1266 БАҚ бар. Gullap Media GROUP агенттігінің рейтингілік сараптамасы еліміздегі медиа нарық ақпараттың 70%-ын Алматы беретіндігін анықтады», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы алматылықтардың басым көпшілігі БАҚ-тың электронды нұсқасын жақын қабылдайтынын жеткізді. Тек соңғы бес жыл ішінде интернетті пайдаланушылар қатары 200%-ға өскен. Ахметжан Есімов газеттік нұсқамен қатар электронды нұсқаны дамыту қажеттігін атады.

Алматы әкімі «Алматы ақшамы» газетінің қызметкерлерін құрмет грамоталарымен және ескерткіш сыйлықтармен марапаттады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!