Азиялық «Оскар» сыйлығына қазақстандық екі фильм үміткер атанды

Фотография - Азиялық «Оскар» сыйлығына қазақстандық екі фильм үміткер атанды

 Жыл сайын өтетін Asia Pacific Screen Awards сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Биыл жетінші рет өткелі отырған байқаудың тізіміне қазақстандық «Шал» және «Үндестік сабақтары» фильмдері енді

245 0

 Жыл сайын өтетін Asia Pacific Screen Awards сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Биыл жетінші рет өткелі отырған байқаудың тізіміне қазақстандық «Шал» және «Үндестік сабақтары» фильмдері енді, - деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Азиялық «Оскарға» Эмир Байғазинннің «Үндестік сабақтары» «Ең үздік режиссер», ал Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі «Ең үздік актер» мен «Ең үздік операторлық жұмыс» санатында ұсынылып отыр.


2013 жылы беделді сыйлыққа Азия-Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 39 фильм үміткер атанған.

           «Ең үздік режиссер» санаты бойынша Эмир Байғазиннен өзге «Ұлы әкесіне тартқан» фильмімен жапондық Хирокадзу Корээда, «Илоило» фильмімен Сингапурлық Энтони Чен, «Балық пен мысық» фильмімен ирандық Шахрам Мокри және «Менің сүйікті Пепперлендім» фильмімен Хинер Салим бақ сынасады.

          «Шал» фильмінің қоюшы-операторы Мұрат Әлиевпен бірге «Ең үздік операторлық жұмыс» санатында «1942-ні еске ала» фильмімен қытайлық Люй Юэ, «Сүрлеу жол» фильмімен аустралиялық Мэнди Уокер, «Омар» фильмімен палестиналық Адам Бакри және «Жаңбырлы маусымдағы атыс» фильмімен Раджив Равви бақ сынасады.

         «Ең үздік актер» атағына Ербол Тоғызақовпен бірге «Жапон апаты» фильміндегі рөлі үшін Тацуя Накадай, «Маскарад» фильміндегі рөлі үшін Ли Бен Хон, «Омар» фильмімен палестиналық Адам Бакри және «Құпия жол» фильмімен аустралиялық Аарон Педерсен бақ сынасады.

Asia Pacific Screen Awards сыйлығының жеңімпазын халықаралық құрамдағы келесі әділ-қазылар таңдайды: әділ-қазылар төрағасы индиялық режиссер және сценарист Шьям Бенегал, кореялық режиссер және сценарист Ким Тхэ Ён, швейцариялық режиссер Кристоф Шауб, гонконгтық продюсер Альберт Ли, түркиялық актер Тэмер Левент және шри-ланкалық актриса Малини Фонсека.

APSA-ның марапаттау рәсімі 2013 жылдың 12 желтоқсанында Аустралияның Квинсленд штатының Брисбен қаласында өтеді.


Мамандар «Азиялық Оскар» деп атайтын APSA сыйлығы Аустралия үкіметінің бастамасымен, ЮНЕСКО және Халықаралық кинопродюсерлер ассоциациясының қоладуымен дүниеге келген


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!