Жастарды қолдаушылар айтыс бәйгесіне «ҮЙ» тіккелі отыр

Фотография - Жастарды қолдаушылар айтыс бәйгесіне «ҮЙ» тіккелі отыр

Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы театрының залында Қараша айының 28-күні қазақ-қытай жастарының қатысуымен ақындар айтысы өтеді

234 0

Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы театрының залында Қараша айының 28-күні қазақ-қытай жастарының қатысуымен ақындар айтысы өтеді, деп жазды kazaitys.kz сайты.


Айтысқа қытайдағы қазақ жас ақындары және өз еліміздегі жас ақындар  қатысады. Атап айтсақ, өткен көктемде Қазақстанға келіп айтыстан Бас жүлде мен 1,3-орындар иеленіп кеткен қытайлық төрт қандасымыз арнайы шақырылды. Олармен қатар Қазақстандық Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибргимов сынды Республикалық және аудандық ақындар айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Төреғали Төреәлі, Еркін Нұржанов, «Алашұлы» тобы бой көрсетіп,  жыр доданың сәнді өтуіне өз үлестерін қосқалы қамдануда. Өткізілгелі жатқан айтыс жаңа бағдарламалармен, көрермендерге тосын сыйларымен ерекшеленетін болды. Әділ қазылар қатарында Серік Қалиев, Бақыт Жағыпаров, Фархат Маратов, Ұлан Еркінбайдай мәдениет пен әдебиет, айтыс саласында өзіндік із салып жүрген азаматтар болады. Бас жүлдеге Алматы облысы, Райымбек ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен пәтер ұсынылуда.  Бұл айтыскер ақындарға құрмет ретінде, жас буынды қолдап, көтеру мақсатында азаматтарымыздың тағайындаған жүлдесі.

   Айта кетерлік жағдай бұл жастар айтысын студенттер ұйымдастырып жүр. Жыл сайын кіші көлемде өткізіліп жүрген айтыс Алматы жұртшылығының алдына шыққалы жатыр.  Айтысымыздың жаңа буынын, жастардың жобасын, ел болашағын  бірге қолдайық!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!