Әлем әдебиетінен 70-ке жуық кітап қазақ тіліне аударылады

Фотография - Әлем әдебиетінен 70-ке жуық кітап қазақ тіліне аударылады

Астанада қазақ тіліне аудару үшін өзекті кітаптарды анықтау байқауының эксперттік кеңесі 69 кітапты таңдады. Бұл туралы бүгін «100 кiтап - 100 книг» байқауына орай өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды

253 0

Астанада қазақ тіліне аудару үшін өзекті кітаптарды анықтау байқауының эксперттік кеңесі 69 кітапты таңдады. Бұл туралы бүгін «100 кiтап - 100 книг» байқауына орай өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды  деп хабарлайды елорданың ресми сайты.


15 қарашада www.100kitap.kz сайтында қазақ тіліне аударуға ұсынылған қазіргі заманғы әдебиеттің өзекті шығармаларын анықтау бойынша онлайн дауыс беру аяқталды. 19 қарашада байқаудың Эксперттік кеңесі бұдан әрі аударылатын 100 кітаптың ақырғы тізімін бекітті. Рейтинг бойынша - «Властелин колец», «Зеленая миля», «Над пропастью во ржи» кітаптары көш бастап тұр.


«Байқауда іріктеуге ұсынылған тізімге қазіргі заманғы әдебиеттің 492 шығармасы енгізілді. Бұл кітаптар жай алынған жоқ. Біз соңғы 60 жылда, яғни 1950 жылдан бері әдебиеттен Нобель, Букеров және т.б. сыйлықтары сияқты беделді марапаттарды иеленген кітаптарды бастапқы тізімге енгізіп, оны арнайы ресурста орналастырдық. 15 қарашада байқаудың бірінші кезеңі аяқталды.

 

Нәтижесінде 8 санат бойынша 100 кітаптың алдын ала тізімі жасалды. Ал екінші кезеңде мәдениет, өнер, әдебиет өкілдерінен арнайы эксперттік кеңес құрылды. Тізім сарапшылардың қарауына жіберілді. 69 кітап мақұлданды, 3 кітап алынып тасталса, қалған 28-і үлкен пікірталас тудырды», - деді «С.А.Р. талдау және болжау орталығы» ҚҚ төрағасы Олег Сек.


Еске салайық, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында қазіргі заманғы тілде кем дегенде, жүз кітаптың тізімін жасауды және оларды қазіргі заманға сай қазақ тіліне аудару туралы жаңашыл идеяны ұсынған болатын. Бұл қалың оқырман ортасында қазақ тілін айтарлықтай дәрежеге байытуға және әйгілеуге мүмкіндік береді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!