Әйтеке би туралы фильмнің тұсауы кесілді

Фотография - Әйтеке би туралы фильмнің тұсауы кесілді

Ақтөбе облыстық Достық үйінде қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлы туралы «Әйтеке бидің ақ жолы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

339 0

Ақтөбе облыстық Достық үйінде қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлы туралы «Әйтеке бидің ақ жолы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

Деректі фильмнің тұсаукесері Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері Абыл Құдайбергенов, Дәурен Нарман, Әсет Оразалиндер үш биді сомдаған шағын театрландырылған қойылыммен басталды. Оның артынан «Әйтеке бидің өсиеті» әні орындалды, деп жазады «Ақтөбе газеті».

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева сөз алып, фильмнің ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатыны туралы айта келіп: «Келесі жылы Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл толады. Бұл - осы мерейтой қарсаңында жасалған үлкен сый. Кезінде тұңғыш рет Әйтеке би туралы кітапты құрастырған белгілі ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлы Кіші Жүз биі хақындағы әңгімелер ауыздан- ауызға тарап келгенін айта келіп, ол туралы алғашқы болып қалам тербеген заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың, би туралы кітап жазған қаламгер Мұқадес Есламғалидың, қарақалпақстандық көкірегі қазына қарт Жұбатқан Мұратбаевтың еңбектерін атап өтті. «Бүгінгі фильм Әйтеке биді тануымыздың әліппесі болуға тиіс», - деді.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!