«Шатырдағы көгершін» фильмі Award of Excellence сыйлығын иеленді

Фотография - «Шатырдағы көгершін» фильмі Award of Excellence сыйлығын иеленді

Режиссер Ольга Коротьконың «Шатырдағы көгершін» қысқаметражды фильмі жыл сайынғы Х Accolade Competition киножүлдесінің «Әйелдер фильмі» санаты бойынша Award of Excellence сыйлығын иеленді

223 0

Режиссер Ольга Коротьконың «Шатырдағы көгершін» қысқаметражды фильмі жыл сайынғы Х Accolade Competition киножүлдесінің «Әйелдер фильмі» санаты бойынша Award of Excellence сыйлығын иеленді.

Әкесін отбасына қайтарғысы келіп жүрген баланың қиын тағдырын баяндайтын фильм қазан айында АҚШ-та өткен Silent River Film Festival Халықаралық кинофестиваліне және Үндістанда өткен әйелдер фильмі халықаралық фестивалінің негізгі бағдарламасына қатысқан - деп хабарлады  baq.kz

Accolade Competition жүлдесі – 2003 жылы негізі қаланған дәстүрлі емес халықаралық деректі және көркем фильмдер байқауы. Accolade Competition ерекше жетістіктерге жеткен үздік көркем және деректі киноларды, телевизиялық бағдарламаларды бағалайды. Киножүлде гуманитарлық және экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!