Ерлан Жүністің «Хауас» жыр жинағының тұсауы кесілмек

Фотография - Ерлан Жүністің «Хауас» жыр жинағының тұсауы кесілмек

Бүгін Алматыда ақын Ерлан Жүністің «Хауас» атты кезекті жыр жинағының тұсауы кесілмек. Тұсаукесер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті оқу ғимаратының 312 аудиториясында сағат 16.00-де өтеді. Кешке белгілі ақын-жазушылар мен өнерлі жастар қатыспақ

320 0

Бүгін Алматыда ақын Ерлан Жүністің «Хауас» атты кезекті жыр жинағының тұсауы кесілмек. Тұсаукесер әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті оқу ғимаратының 312 аудиториясында сағат 16.00-де өтеді. Кешке белгілі ақын-жазушылар мен өнерлі жастар қатыспақ.

1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы Жамбыл ауданында өмірге келген Ерлан Жүніс бүгіндері қазақ поэзиясының көшіне ілесіп үлгерді. Өлең ордасында өзінің Ерлан Жүніс атын танытып келе жатқанына да біраз болды. Ақын М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің Әлем тілдері факультетін бітірген. 2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша гран-при және Президент кубогын иеленген. 2001 жылы Серік Үмбетовтің демеушілігімен «Жыр-перзент» деген атпен алғашқы жыр жинағы жарық көрді. Ал 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы» атты кітабының тұсауы кесілді. Ендігі кезек – «Хауас» жыр жинағында.

Құрметті жырсүйер оқырман, ақын Ерлан Жүністің поэзиясына келгенде бей-жай қала алмайтын болсаңыз, ертеңгі болатын кештің көшінен қалып қоймаңыз! 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!