Қазақстан мен Қытайдың ақындары сайысқа түспек

Фотография - Қазақстан мен Қытайдың ақындары сайысқа түспек

Ертең Ғ.Мүсірепов атындағы театрда Қазақстан-Қытай қазақ жастарының қатысуымен ақындар айтысы өтеді. Бас жүлдеге пәтердің кілті тапсырылмақ.  

310 0

Ертең Ғ.Мүсірепов атындағы театрда Қазақстан-Қытай қазақ жастарының қатысуымен ақындар айтысы өтеді. Бас жүлдеге пәтердің кілті тапсырылмақ.  

Айтысқа өткен көктемде Қазақстанда өткен Студенттер айтысында бас жүлде мен 1 және 3-орындарды қанжығасына байлап қайтқан қытайлық қандастарымыз Нұрзия Асхабылқызы, Арзыгүл Қайынбекқызы, Анаргүл Беделханқызы қатысады. Сондай-ақ, еліміздегі Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді Сейілхан, Алтынбек Ибрагимов сияқты Республикалық және аудандық ақындар айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады.

«Көрші екі елдің қазақ студенттері ұйымдастырып отырған айтыс жаңа бағдарламалармен, көрермендерге тосын сыйларымен ерекшеленетін болды. Бас жүлдеге Алматы облысына қарасты Райымбек ауданының кәсіпкерлері пәтер ұсынуда».


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!