Әуезов драма театры жаңа туындымен толықты

Фотография - Әуезов драма театры жаңа туындымен толықты

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жаңа туындымен толықты.

232 0

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жаңа туындымен толықты.

«Қас қағым» деп аталған спектакльдің жанры да, айтар ойы да өзгеше. Бір адамның тағдыры арқылы бүгінгі қоғамның қасіретін дөп басқан туынды көрерменнің көңілінен шықты.

«Махаббатсыз қоғам». Бұл сөзді «Қас қағым» атты спектаклінің айтар ойы мен сюжеттік желісінің қысқаша анықтамасы десек болды. Қойылым режиссері Елік Нұрсұлтан пьеса осы тақырыбымен мені ерекше қызықтырды» дейді. Өйткені, оның айтуынша, жағымпаздық, ақша құмарлық, қатыгездік сияқты жағымсыз қасиеттер бүгінгі қоғамның басты трагедиясына айналып отыр.

Елік Нұрсұлтан, қойылым режиссері:

- Қазіргі нарық заманы ақша табудың заманы. Бәрі ақшаның соңында жүрген заманда адам бір-біріне адами қарым қатынаста сөйлесу, бір-бірімен жылы сөйлесу, бір-біріне деген махаббат жоғалып барады. Адам жалғыз болып қалды.

Спектакльдегі жалғызсыздықты басынан өткеретін кейіпкер – Сәбит. Психологиялық дертке ұшырап жындыханаға түскен ол өзінің қиялынан оқиға ойлап табады. Қойылымның негізгі көріністері осы адамның қас-қағым сәттегі ойы негізінде өрбиді.

Театрдың көркемдік кеңесі драматург Жабыл Ерғалиевтың «Қас қағым» атты пьесасын сахнаға жаңа леп әкелген» туынды деп отыр. Режиссер де бұл туындының  ерекшілігін сақтау үшін тың шешімдерге барған.

Дәрия Жүсіп, актриса:

- Ерекше жолмен, ерекше режиссерлік шешіммен, актерлермен жұмыс істегенде де метафизикалық драма болғаннан кейін жолы болады. Бізге де қиын болды, бірақ нәтижесі жақсы болды деп ойлаймын.

Спектакльдегі басты кейіпкерлерді Азамат Сатыбалды, Зарина Карменова, Дәрия Жүсіп, Шынар Жанысбекова, Асылбек Боранбай сияқты театрдың белді актерлері сомдайды. Сәтті таңдалған актерлік ансамбль туындының шынайы шығуына көп септігін тигізген.

Авторлар: Ғайни Дәулетбаққызы, Жанат Әбдірахманов


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!