«Армандастар» фильмін енді теледидардан тамашалауға болады

Фотография - «Армандастар» фильмін енді теледидардан тамашалауға болады

Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы жүлдегерлерінің өмірбаянын арқау еткен, шынайы оқиғалар желісіне құрылған фильм.

192 0

Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы жүлдегерлерінің өмірбаянын арқау еткен, шынайы оқиғалар желісіне құрылған фильм.

Кинобаян желісін әлемнің алдыңғы қатарлы университеттеріне оқуға түскен жас қазақстандықтардың тағдыр-талайы құрайды. Әр кейіпкердің өз өмір жолы, арман-тілегі бар. Біреу бақытын тауып, сыннан сүрінбей өтіп, мұратына жетіп жатса, енді біреулерді тағдыр басқа асуларға бастайды.

Фильм барысында жас мемлекеттің қарқынды дамуы көрсетіліп, бас кейіпкерлер шыңдалып, олардың өмірлік мақсаттары мен келешекке деген жоспарлары айқындала түседі.

Режиссер Ерлан Сағыновтың «Армандастар» фильмін Ұлттық арнадан бүгін 21.30-да тамашалай аласыздар.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!