Бүгін «Ұстаз» көрерменге жол тартады

Фотография - Бүгін «Ұстаз» көрерменге жол тартады

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Ұстаз» атты жаңа отандық телесериал көрерменге жол тартады

362 0

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Ұстаз» атты жаңа отандық телесериал көрерменге жол тартады.

Халқымыз ежелден ұстазға құрмет көрсеткен, ұлық санаған. Ұлттық телеарна өз көрермендеріне осынау ұлы есімді ардақтап, «Ұстаз» атты отандық төл туындыны ұсынбақ.

«Ұстаз» көпсериялы фильмі Қазақстанның тәрбие жүйесі туралы ғана емес, сондай-ақ, көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан ауыл тақырыбын да қозғайды.

Тоғысқан тағдырлар өмір даңғылындағы әр түрлі проблемалар, күрмеуі қиын сәттерден сүрінбей өтіп, көпке үлгі-өнеге көрсеткен ҰСТАЗ бейнесі көрерменге ыстық.

Көңіл түкпіріндегі ешкімді бей-жай қалдырмайтын көркем туындының көзайымы болуға асығыңыздар, құрметті көрермен! Телесериалдың алғашқы көрсетілімі бүгін 19 сағат 30 минутта.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!