«Абылай ханның арманы» драмасының премьерасы өтеді

Фотография - «Абылай ханның арманы» драмасының премьерасы өтеді

Авторы – белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

229 0

Ұлт басына күн туып, елден бірлік кеткен шақта Алты Алаштың басын қосқан батыр бабамыз – Абылай ханның туылғанына 300 жыл толуына орай Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Абылай ханның арманы» атты драмалық қойылым сахналанбақ деп хабарлайды Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының баспасөз қызметі 

Авторы – белгілі жазушы, журналист, зерттеуші, драматург Думан Рамазан, қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов.

Абылай ханның ролінде «Қасым» телефильмінде Қазақстанның халық қаһарманы – Қасым Қайсенов, Е.Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сынды кесек тұлғаларды сомдап жүрген талантты актер – Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған, әрі бұдан басқа да көптеген телефильмдер мен театр қойылымдарында өзін сан қырынан көрсетіп, өнерсүйер қауымның сүйікті актерына айналған Сырым Қашқабаев сомдайды.


Тегтер:

театр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!