Қайрат Нұртас ел аралап жүр...

Фотография - Қайрат Нұртас ел аралап жүр...

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі – Қайрат Нұртас жеке шығармашылық концертімен республикамыздың түкпір-түкпірін аралап жүр

273 0

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі – Қайрат Нұртас жеке шығармашылық концертімен республикамыздың түкпір-түкпірін аралап жүр.

Әншінің Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында қойған концерттері үлкен аншлагпен өткен. Қайрат Нұртас 16-шы желтоқсанда яғни Тәуелсіздік мерекесінде Астана қаласында авторлық кешін өткізуді жоспарлап отыр. Өнер иесінің продюссері Гүлзира Үсенқызының айтуынша, концертте халықтың жүрегіне жол тапқан әуезді әндермен қатар, жаңа туындыларда орындалмақ.

31 тамызда Алматы қаласында Қайрат Нұртастың қатысуымен ұйымдастырылған концерттің соңғы жаппай қоғамдық тәртіптсіздікке ұласқаны ел есінде. Сол жайсыз жайттан кейін әншінің үлкен концерттер мен отандық телеарналардағы ойын-сауықтық бағдарламаларға қатысуына тиым салынған көрінеді.

Сол себепті, Қайраттың өнерін жоғары бағалайтын жұрт оның әндерін авторлық кештерінде немесе той-томалақтарда ғана тыңдай алып жүр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!