Ертең Алматыда Вокалистердің халықаралық конкурсы басталады

Фотография - Ертең Алматыда Вокалистердің халықаралық конкурсы басталады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» 6-11 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Вокалистердің халықаралық конкурсын өткізеді

309 0

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» 6-11 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Вокалистердің халықаралық конкурсын өткізеді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Конкурстың мақсаты - халықтар арасындағы достастық және ынтымақтастықты нығайту, Қазақстандағы вокалдық музыканы дәріптеу, дарынды вокалистердің кәсіби шеберлігін арттыру, жастарды эстетикалық және патриоттық тәрбиелеу, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы (төраға), КСРО және Молдова Республикасының халық әртісі, «Республика ордені» иегері Михаил Мунтян Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас солисі Мұрат Шалабаев, Қырғыз Республикасының халық әртісі, Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының солисі Талгар Жакшылыков және Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Евгений Колобов атындағы Жаңа опера Мәскеу театрының солисі Нұрлан Бекмұхамбетов бар.

Конкурсқа Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Ресей Федерациясынан және Түркіменстаннан барлығы 38 адам қатысады.

. Өнер бәсекесі екі номинация бойынша 3 кезеңнен тұрады: ерлер және әйелдер дауысы. Сыйақы қоры 17000 долларды құрайды.

Салтанатты ашылу рәсімі 6 желтоқсан күні сағат 19.00-де «Қазақконцерт» концерттік залында (Абылай хан к-сі, 83), II тур 7-8 желтоқсанда, III тур 10 желтоқсанда, жабылу салтанаты 11 желтоқсанда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында болады. III тур қорытындысы бойынша лауреат атағын алған жеңімпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.

Жеңімпаздар мынадай сыйақыларға ие болады:

-  5000 доллар мөлшерінде гран-при  және лауреат атағы;

-   ерлер және әйелдер орындауы бойынша екі I сыйақы - 3000 мың доллар және лауреат атағы;

-  ерлер және әйелдер орындауы бойынша екі II сыйақы - 2000 мың доллар және лауреат атағы;

-  ерлер және әйелдер орындауы бойынша екі III сыйақы - 1000 доллар және лауреат атағы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!