Шоу-бизнес жұлдыздары рейтингінде Қайрат Нұртас көш бастады

Фотография - Шоу-бизнес жұлдыздары рейтингінде Қайрат Нұртас көш бастады

Forbes Kazakhstan және MuzZone телеарнасы қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал жұлдыздарының хит-парадын ұсынған.

166 0

Forbes Kazakhstan және MuzZone телеарнасы қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал жұлдыздарының хит-парадын ұсынған.

Бірінші орынды әнші Қайрат Нұртас иеленді, үшінші орында - тележүргізуші Баян Есентаева. Екінші орынды қазақстандық жанкүйерлердің сүйікті боксшысы Геннадий Головкин иеленді, оның жылдық табысы 1,4 миллион долларды құраған.

«Геннадий Головкиннің жанкүйерлері 2013 жылды GGG жылы деп атады. Осы кезеңде ол төрт рет шаршы алаңда жекпе-жек өткізіп, ақшалай 1,4 млн. доллар ұтып алған болатын. Наурыз айында Головкин HBO арнасының Гатти тізіміне енді, қыркүйекте - The Ring журналының мұқабасына, ал қазан айында HBO нұсқасы бойынша әлемнің үздік боксшылары бестігіне енді. Қараша айында өткен Кертис Стивенспен жекпе-жек 2013 жылдың (орташа көрсеткіш 1,416 млн. көрерменді құрады) ең рейтингті күрестердің үштігіне енген. Бүгінгі күні ол Монте-Карлода өтетін жекпе-жекке дайындық жасауда, кездесу 2014 жылғы 1 ақпанға жоспарланған», - деп жазады Forbes.kz.


Тегтер:

музыка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!