Шахтинскте тұңғыш рет ақындар айтысы өтті

Фотография - Шахтинскте тұңғыш рет ақындар айтысы өтті

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Шахтинск қаласында ақындар айтысы болып өтті. Айтулы шараны ҚР Мәдениет және ақпарат минитсрлігінің бастамасымен «САЙГЕЗ» жеке қоры ұйымдастырып отыр

273 0

ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Шахтинск қаласында ақындар айтысы болып өтті. Айтулы шараны ҚР Мәдениет және ақпарат минитсрлігінің бастамасымен «САЙГЕЗ» жеке қоры ұйымдастырып отыр.

«Еңсесі биік Елім бар» деген айдармен өткізілген айтыс өнеріне еліміздің әр аймағынан келген ақындар қатысты. Айта кетерлігі, Шахтинск тарихында осынау ұлттық құндылығымыз алғаш рет өткізіліп отыр. Бұған дейін қала тұрғындары бірде-бір рет Шахтинскте айтыстың көрермені болып көрмепті. Содан да болар, ақындар додасы басталмай жатып-ақ зал көрерменге лық толып, ине шаншыр орын болған жоқ.

Нәтижесінде бірінші орын қарағандылық Мақсат Ахановқа бұйырды. Оған жол берген астаналық Иранғайып Күзембай екінші орынды місе тұтса, үздік үштікті Доскен Ботпай қорытындылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Шахтинск қаласы әкімдігі мен «САЙГЕЗ» қорының ақшалай сыйлықтарына ие болды.

Бұл күні сонымен қатар, өзге де мәдени шараларға толы болды. Өнер кешінде халық әндері айтылып, ұлттық аспаптар оркестрі жергілікті тұрғындардың рухын аспандатты. Ұйымдастырушылар болса мұнымен шектелмей, алдағы уақытта да қазақы құндылықтарды Шахтинск халқының арасында кеңінен насихаттауға уәде берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!