Астанада «Өнер үшбұрышы» көрмесінің тұсаукесері өтті

Фотография - Астанада «Өнер үшбұрышы» көрмесінің тұсаукесері өтті

Астана қаласында Райымқұл, Қуаныш және Мейрам Есіркеевтердің «Өнер үшбұрышы» атты жеке шығармашылық көрмесінің тұсаукесері өтті

289 0

Астана қаласында Райымқұл, Қуаныш және Мейрам Есіркеевтердің «Өнер үшбұрышы» атты жеке шығармашылық көрмесінің тұсаукесері өтті - деп хабарлады  baq.kz

Бір отбасынан шыққан суретшілердің туындыларын қарасаңыз үшеуінің сурет салу техникасының үш түрлі екендігін аңғарасыз. Бұл үш суретшінің шығармашылығы Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің тарихында кеңестік реализм кезеңінен бастап 70-80 жылдар аралығындағы жаңа қазақ өнерін қамтиды.

Есіркеев Райымқұлдың туындыларының басты тақырыбы – адам. Суретші көзі тірісінде өзінің жерлестерінің портреттерін көптеп салған.

Әкесі Райымқұлдың жолын қуып суретшілікке бет бұрған Есіркеев Қуаныш 70-жылдары кеңестік ұжымдастыру кезеңіндегі қазақ халқының қасіреті жайында сала бастаған алғашқы суретшілердің бірі

Ал Есіркеевтер отбасында суретшілікке соңынан келген Есіркеевтер әулетінің кенжесі Мейрам Есіркеев болды. Ол 1968-1973 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдап тау-кен саласында біраз жылдар қызмет етіп, артынан әкесінің сұрауы бойынша бейнелу өнеріне келеді.

Оның жұмыстарының көп бөлігі Балқаш көліне арналған. Мейрамның кейіпкерлері – қарапайым балықшылар мен олардың бейнетке толы күнделікті тіршілігі.

- Бейнелеу өнеріне қалай келдіңіз?

- Жас кезімде суретті тек бос уақытымда ғана салатынмын. Мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітіргеннен кейін өзімнің мамандығым бойынша тау-кен инженері болып 2 жылдай қызмет еттім. Сол уақытта жердің астында шахтада жүріп, қолым босай қалса блокнотымды алып шахтерлерді сала бастайтынмын. Содан бір күні әкем: «Мен қартайдым. Сен сурет сала білесін, шахтаңнан шық. Маған көмекші керек!», - деді. Әкемнің сөзін елеусіз қалдырмай 25 жасымнан бастап бейнелеу өнеріне бет бұрдым.

- Суретшілік әкеңізге кімнен дарыған?

- Естуімше біздің үлкен апаларымыз өнер адамдары болған. Күй шығарып, домбыра шерткен. Бірақта әулетімізде суретшілер болған емес. Алайда музыка мен сурет бір бірімен байланысты болғандықтан әкемде суретшілік өнері оянған шығар деп ойлаймын.

- Балаларыңыздың сурет салуға деген қабілеті бар ма?

- Бүгінгі күні үш ұл тәрбиелеп отырмын. Үлкен ұлым екі-үш жасынан бастап далаға шығып көрген торғай, көгершін, көбелектерін үйге келіп өзінен өзі соларды ақ қағазға сала бастайды. Оған ешкім мынаны былай сал, былай істе деп айтпайтын. Оның кәдімгідей дарыны бар. Ал кіші екі ұлдарым инженер, өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуде. Олар да ептеп сурет сала алады.

- Суреттеріңізбен көрермендерге не жеткізгіңіз келеді?

- Мен бір көріністі ұнатып қалсам ештеңкені ойламай соны салып шығамын. Көрермендер өздері бағасын беріп жатады. Бастысы суретші сурет салу барысында ақша, атақ туралы ойламауы қажет. Сурет салу да өлең, музыка шығарған сиақты ғой. Ішіңіздегі дүниеңізді кенепке толықтай жіберуіңіз керек.

- Қазіргі уақытта көбіне не салып жүрсіз?

- Қазіргі уақытта адамдардың бейнелерін салып жүрмін. Адамның портретін салу үшін ол бірнеше сағат бойы қозғалмай отыруы қажет. Алайда мен өзімнің жақсы білетін суретшілерімнің фотосуретіне қарап, көмірмен суретін саламын. Мен ол суреттер арқылы оның дәлме-дәл суретін салуды мақсат етпеймін, мен кейіпкерімді жақсы танитындықтан сол арқылы оның мінез-құлқын көрсеткім келеді.

 

«Өнер үшбұрышы» көрмесін 5 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында "Керуен" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратының 1 қабатында "Ару-АРТ" галереясыннан көре аласыздар


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!