Түркияның телеарналарында «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіліп жатыр

Фотография - Түркияның телеарналарында «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіліп жатыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне Түркияның телеарналарында ҚР ТР-дағы елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың балалық және жасөспірім шағы жайлы «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіліп жатыр

247 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің құрметіне Түркияның телеарналарында ҚР ТР-дағы елшілігінің ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың балалық және жасөспірім шағы жайлы «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіліп жатыр. Фильм Түркияның танымал телеарналары - мемлекеттік «ТРТ» мен коммерциялық «24TV»-ден көрсетілуде.

«Балалық шағымның аспаны» кинофильмінің дубляжы елшіліктің қолдауымен 2011 жылы «ТРТ» телерадиоарнасының жоғары технологиялық студиясында танымал түрік әртістерін тарту арқылы жасалды.

Көркем фильмнің түрік тіліндегі тұсаукесері осы елдің кинотеатрларында «Түркиядағы Қазақстан киносының апталығында» 2012 жылы қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Түркия Республикасына жасаған ресми сапарының алдында көрсетілді.

Осы күндері Түркияның миллиондаған телекөрермендері мен шетелдіктер қазақстандық өмірбаяндық фильмнің теленұсқасын көре алады.


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!