«Қазақстан» арнасында - жаңа телехикая

Фотография - «Қазақстан» арнасында - жаңа телехикая

Бүгін «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әпке» атты жаңа телехикаяның көрсетілімі басталады

211 0

Бүгін «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Әпке» атты жаңа телехикаяның көрсетілімі басталады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сериал белгілі жазушы Дулат Исабековтың шығармасы негізінде түсіріліп отыр. Бұл туынды отыз жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасынан тұспей келеді. Шығармада жетім қалған бауырларына пана болған нәзік жанды әпкенің тағдыры туралы баяндалады. Басты рөлді сомдаған - Рита Күмісқалиева. Телехикаяның режиссері - Мұрат Бидосов, продюссері - Батырхан Сазаханов.

Айта кетейік, «Әпке» телехикаясының алғашқы бөлімі бүгін кешкі сағат 21: 50-де көрсетіледі. Жалпы фильм 16 бөлімнен тұрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!