Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай әдеби-музыкалық кездесу өтеді

Фотография - Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай әдеби-музыкалық кездесу өтеді

12 желтоқсанда Астанада «Русский Мир» қорында Ш.Т.Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қырғызстанның әлемге жасаған жақсы сыйы - Шыңғыс Айтматов» әдеби-музыкалық композициясы өтеді

395 0

12 желтоқсанда Астанада «Русский Мир» қорында Ш.Т.Айтматовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қырғызстанның әлемге жасаған жақсы сыйы - Шыңғыс Айтматов» әдеби-музыкалық композициясы өтеді - деп хабарлады  baq.kz

Әдеби формадағы іс-шараны №57 мектеп оқушылары мен мұғалімдері ұйымдастырады. Жоғары сынып оқушылары ұлы жазушы, қазіргі заманның ойшылы, гуманисттің барша әлемге танымал шығармаларынан қойылымдар көрсетеді, оның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейді, ол туралы өлеңдер оқып, ән айтады. Бұдан басқа меймандар Еуропа мен ТМД елдерінде беделді болған ірі қоғамдық және саяси қайраткер ретінде Шыңғыс Төреқұлұлы туралы деректі фильмдерден эпизодтар тамашалайды. Сонымен қатар, көрермендерге автордың әлем әдебиетінің тізіміне енген мәңгі өшпес туындылары бойынша түсірілген көркем фильмдерден үзінділер ұсынылады. Іс-шараға Қырғызстан елшілігінің, Қазақтардың Бүкіләлемдік қауымдастығының өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдер комитетінің сарапшылары, Қазақстандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығының қызметкерлері шақырылды. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!