Тұрсынбек Қабатовтың командасы жарады

Фотография - Тұрсынбек Қабатовтың командасы жарады

Кеше Астанадағы Конгресс-Холл концерт залында Астана қаласы көңілді тапқырлар театры Тәуелсіздік мерекесіне арнап, жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды

289 0

Кеше Астанадағы Конгресс-Холл концерт залында Астана қаласы көңілді тапқырлар театры Тәуелсіздік мерекесіне арнап, жаңа концерттік бағдарламасын ұсынды.

Халық арасында «Базар жоқ» аталып, бертін келе, «Әзіл әлеміне» қадам басқан театр ұжымы әзілсүйер қауымға тосын-сыйлар жасады. Үнемі ізденіс үстінде жүретін актерлер бұл концертте де жаңа қырларынан танылды. Бұдан дейінгі кештерде олар әншілермен бірігіп өнер көрсетсе, енді мың бұралған бишілерді қастарына қосыпты. Оның үстіне, сахнаға шыққан әрбір өнер иесі сан түрлі этнос-өкілдерінің билерін кәсби бишілермен билеп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Тұрсынбек Қабатов басқаратын өнер ұжымы жұрт назарына өмірдің сан саласын қамитын уытты әзіл-қалжыңдарын ұсынып, көпшіліктің көңілінен шықты - деп хабарлады  baq.kz

«Тәуелсіздік мерекесі – еліміздің басты мейрамы. Осы айтулы датаға орай Астана қаласы көңілді тапқырлар театры халыққа әдемі әзіл кешін өткізуді жөн санады. Егемендік – біздің басты байлығымыз. Ел-жұртымыз аман болып, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын»,-деп Тәуелсіздік мерекесіне жүрекжарды лебізін де білдірді Тұрсынбек.

Кеш барысында «МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблі, "Каспий" тобы және Бауыржан Исаев өнер көрсетті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!