Бүгін –халықаралық Танго күні

Фотография - Бүгін –халықаралық Танго күні

Халықаралық Танго күні жыл сайын 11-желтоқсанда, «Танго королі» атанған белгілі аргентиналық әнші, әрі биші Карлос Гардельдің туған күнінде аталып өтеді

327 0

Халықаралық Танго күні жыл сайын 11-желтоқсанда, «Танго королі» атанған белгілі аргентиналық әнші, әрі биші Карлос Гардельдің туған күнінде аталып өтеді.

Танго биі Буэнос-Айрес қаласының маңындағы шағын порттарда 19-20 ғасырлардың тоғысында пайда болған деген пікір. Осы жерлерде көптеген халықтардың мәдениеттері бір-бірімен ұштасып, кубалық хабанераның, африкалық кандомбаның, аргентиналық милонгидің, испандық фламенконың және шетелдік матростардың әр жақтан әкелген билерінің ырғақтары қосылып, жаңа бір би туған деседі. Би алғашында көп бидің бір түрі ғана болғандығымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәртебеге ие болды.

Танго сөзінің алғашқы мағынасы негрлерді биге, барабанда ойнауға шақыру дегенді білдіріпті. Бүгінгі күні бүкіл әлем сүйсіне билейтін танымал бидің оншақты түрі кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!