«Арман, арман...» атты фильмінің тұсаукесері өтеді

Фотография - «Арман, арман...» атты фильмінің тұсаукесері өтеді

Бүгін Алматы қаласында сағат 14:00-де БҰҰ ғимаратында отандық режиссер Рубен Казарянның «Арман, арман...» атты фильмінің тұсаукесері өтеді

282 0

Бүгін Алматы қаласында сағат 14:00-де БҰҰ ғимаратында отандық режиссер Рубен Казарянның «Арман, арман...» атты фильмінің тұсаукесері өтеді.

Аталмыш фильм Алматы қаласында өткізіліп жатқан әлемдік ЖИТС-пен күрес науқанының аяқталуына арналады.

Фильм ЖИСТ-пен өмір сүріп жатқан адамдар, қоғамның оларға деген көзқарасы, бұл ауруға шалдыққан балаларды қатарластарының арандатушылығын баяндайды. Туындының басты кейіпкері ЖИТС жұқтырып алған жасөспірім. Енді ғана басталып келе жатқан өмірі оны түрлі сүрлеу-соқпақтардан өткізеді. Бірақ ештеңкеге қарамастан ол жүрегінде мейірімділікті сақтап, адамдарға ол да өз қатарластары сынды екендігін дәлелдеп шығады.

Айта кетейік, фильм қорытындылап жатқан науқан 10 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бір ай көлемінде өткізілген болатын. Науқан «Нөл бағытында. Жаңа ЖҚТБ-инфекциясы нөл. Арандатушылыққа нөл. ЖИТС салдарынан өлімге нөл» деген ұранмен өтті.

Бүгінгі күні Қазақстанда ЖҚТБ-инфекциясына шалдыққандар саны 0,2%-дан аспайды. Олардың көбі 15-49 жас аралығында.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!