Дина Нұрпейісоваға ескерткіш орнатылды

Фотография - Дина Нұрпейісоваға ескерткіш орнатылды

1934 жылы Орал қаласында іргесі қаланған №1 балаларға арналған саз мектебі бүгінде 12 мамандық бойын­ша шәкірт тәрбиелеуде

258 0

1934 жылы Орал қаласында іргесі қаланған №1 балаларға арналған саз мектебі бүгінде 12 мамандық бойын­ша шәкірт тәрбиелеуде. Әсіресе, ұлттық аспаптар оркестрі класында білім алушылардың қатары көбеюде. Роза Жаманова мен Нағым Мендығалиевтер осы мектептің киелі сахнасынан шыққан алғашқы түлектер.

Жуырда 1957 жылдан бері халық композиторы, күйші Дина Нұрпейісованың есімімен аталатын осы мектеп алдына атақты өнер иесінің мүсіні орнатылды. Ескерткішті орнатуға бас­тама ұйытқысы болған Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалаға сән беретін үлкен сый жасады. Туынды авторы – жергілікті мүсінші Рафаэль Шамсутдинов.

Қалада бір кездері Ғали ­Усманов тұрған тозығы жеткен үй толық жөндеуден өтті. Бұл шараға Мәжіліс депутаттары Зухра ­Саяпова, Елена Тарасенко, Виктор Киянскии және қала тұрғындары қатысты.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!