Музыка бизнесіндегі қалталы ханымдардың тізімі жарияланды

Фотография - Музыка бизнесіндегі қалталы ханымдардың тізімі жарияланды

Өткен жылы 125 млн. доллар таза табыс тапқан американдық әнші Мадонна Forbes журналының нұсқасы бойынша ең қымбат музыкант әйелдер тізімінде бірінші орынға ие болды

194 0

Өткен жылы 125 млн. доллар таза табыс тапқан американдық әнші Мадонна Forbes журналының нұсқасы бойынша ең қымбат музыкант әйелдер тізімінде бірінші орынға ие болды.

Бұл тізімдегі көшбасшылардың үштігіне Леди Гага (80 млн. доллар) мен кантри-әнші Тейлор Свифт (55 млн. доллар) кірді.

Тізімнің төртінші сатысында 53 млн. доллар кірісі бар Бейонс тұр. Ал бестікті 45 млн. доллармен актриса, әнші, тележүргізуші Дженнифер Лопес аяқтады.

Ондыққа Рианна (43 млн. доллар), Кэти Перри (39 млн. доллар), Пинк (32 млн. доллар) енсе, "American Idol" телешоуына қатысушы Кэрри Андервуд (31 млн. доллар), ал соңғы орындарды Мэрая Керри мен Ники Минаж (29 млн. доллар) бөлісті.

Өткен жылғы рейтингтің көш басында болған Бритни Спирс осы жолы ең жоғары ақы төленетін музыкант әйелдер тізімінің ондығынан көрінбеді, деп хабарлады utro.ru.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!